Атырау, 5 мамыр 04:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Маңғыстау облысындағы мұнай кен орындарының жағдайын ғарыштан бақылауы мүмкін

10 698 просмотра

Ақтау. 25 шілде. ҚазТАГ – «Қазақстан ғарыш сапары» компаниясы Ақтауға ғарыш технологиясын күнделікті өмірде қолдану мүмкіндігін ұсынып отыр, деп хабарлады агенттік тілшісі.

Сонымен, ғарыш жүйелерін құру және пайдалану жөніндегі вице-президент Бағлан Қазиев қазақстандық компанияда әзірге өзінің радарлық жер серігінің жоқ екенін, дегенмен мемлекетаралық келісімдер аясында халықаралық жерсеріктерді қолдануға құқылы екенін мәлімдеді. Ол мұнай кен орындарының жағдайына мониторинг жасауға және мұнай өндірудің қоршаған ортаға әсерін бақылауға мүмкіндік беретінін айтты.

«Біз Теңіз кен орнына мониторинг жүргіздік, ол аталмыш учаскенің әр нүктесінде маусымдық өзгертулер мен кен өндірудің жиілігне қарай аумақтың барлық алаңында қандай өзгерістер болатынын көрсетті. Бұл шөгінділердің талдамасы үшін ғана маңызды емес, біз қарқынды кен өндіруің техногендік жер сілкіністеріне алып келетінін жақсы білеміз, ол магистралды құбыр өткізгіштерге де кері әсер етуі мүмкін», - деді ұлттық ғарыштық зерттеулер және технология орталығының директоры Бауржан Құрманов.

Өз кезегінде Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Рақымбек Әміржанов Маңғыстау облысы үшін экология мәселесінің өзекті екенін және ғарыш технологиясының пайдасының зор болуы мүмкін екендігін атап өтті.

«Жетібай ауылыныың тұрғындары мұнай өндірудің қарқынды түрде жүргізіліп жатқанына шағымданады, ал кезінде бұл ауыл кен орнына жақын орналасқан еді, және қазір ол шөгіп барады. Мониторинг бізге және «Маңғыстаумұнайгазға» осы мәселелерді шешуге көмектесер еді. Сонымен қатар, осы күнге дейін шешімін таппай келе жатқан біздің облыстың негізгі экологиялық мәселесі - су басып қалған ұңғымалар бойынша мәліметтер базасы. (…) Сіздердің көмектеріңізбен ұңғымалардың мәліметтер базасын құра алар едік», - деді Р.Әміржанов.

Сондай-ақ, облыс әкімі орынбасарының айтуынша ғарыштық мониторингті Маңғыстау облысында мұнайдың төгіліп жатқан жерлерін анықтауда да қолдануға болар еді.

«Біздің облыс үлкен және экология және табиғи ресурстар басқармасының инспекторларының барлығын көріп, қамтуға физикалық тұрғыдан шамалары жетпейді. Оның үсітне қазір біздің облыста күннің ыстығынан өртеніп жатқан жайылымдар мәселесі де тұр. Біз шөптерді орталықтандырылған түрде сатып аламыз, және бұл ретте мониторинг оны ең алдымен қай аудандарға апару керектігін анықтауға көмектесер еді», - деп атап өтті Р.Әміржанов.

Оған қоса әкім орынбасары Ақтау үшін көгалдандыру мәселесінің де барын айтты.

«Бізде қалада суару жұмыстары жеткілікті деңгейде жүргізілмейтіндігі туралы шағымдар түсіп жатады. Тұрақты жүйе жоқ. . (…)Ақтау үшін ғарыш технологиясын пайдалану қай жерде суарылатынын, қай жерде суралымайтынын көруге мүмкіндік береді. Су таситын көліктер саны бізде шектеулі. Сондықтан бізге бірінші кезекте қай аудандарды суару керектігін білу маңызды. Ал қай жерде жағдай қалыпты екенін байқауға мүмкіндік береді. Егер қала әкімдігінде осындай мәліметтер болатын болса, онда күшімізді теңдей бөліп, бұл мәселелерді шешуге болар деп үміттенемін», - деп түйіндеді сөзін Р.Әміржанов.

Дереккөз: ҚазТАГ

25 шілде 2014, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.