Атырау, 19 маусым 09:22
 бұлттыВ Атырау +24
$ 518.81
€ 596.27
₽ 6.63

"Астана" жеңілсе де, мұратына жетті

1 516 рет қаралды
"Астана" футбол клубы Еуропа лигасының екінші електік сатысындағы қарымта кездесуін Кипрде өткізіп, "Хапоэль" (Тель-Авив) клубынан ұтылып қалды. Бірақ үйдегі үш голының арқасында келесі кезеңге шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қарымта матч Израильде емес, осы елдегі саяси жағдайға байланысты Кипрдің Ларнака қаласында өтті. Елордада 3:0 есебімен үстемдік танытқан "Астана" түзде көп күш жұмсамай-ақ келесі кезеңге өтуді мақсат тұтқандай әсер қалдырды.

Негізінен "Хапоэль" клубының қарқыны басып, ыңғайы келсе қарсы шабуылға шығып отыруға тырысты. Әйтсе де, күш-жігерін үнемдегендей.

Әрі елордалықтардың негізгі құрамдағы екі ойыншысы (Жолшиев пен Курдов) жарақаттарына байланысты бұл матчта алаңға шыққан жоқ.

Израиль клубы астаналықтардың қақпасына гол соға алмай кетер да ма еді? Бірақ төреші пенальти белгілеп, олар сол 11-метрлік айып соққысының арқасында "Астана" қақпасының кілтін ашты, әйтеуір.

Әйтсе де, "Астана" клубы ө мақсатына жетті. Екі ойынның қорытындысы бойынша келесі кезеңге шықты. Бұл ретте, елорда клубының бас бапкері Станимир Стойловтың өз ойлағына бар шығар.

Ең бастысы, "Астана" – Еуропа лигасының үшінші електік сатысында!

"Хапоэль" (Тель-Авив, Израиль) – "Астана" (Қазақстан) – 1:0

Гол: Саша с пенальти 57 (1:0)

"Хапоэль": Аль-Мадон, Коэн, Колин, Чеколль (Дадо, 77), Леви, Загури, Саша (Фадида, 89), Вермут, Малька, Абутбуль, Гозлан (Лазми, 69).

"Астана": Эрич, Пикалкин, Постников, Дмитренко, Ахметов, Каньяс, Жуков, Эссаме (Мұжықов, 90), Бейсебеков, Кетевоама (Твумаси, 89), Нөсербаев (Шомко, 88).

Бас төреші: Роберт Роджерс (Ирландия)

Бірінші ойын – 0:3


Дереккөз: tengrinews.kz

 

25 шілде 2014, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.