Атырау, 25 қараша 17:39
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Семейдегі тойда қонақтардың тамақтан жаппай улануының себебі санитарлық талаптардың сақталмауынан болғаны анықталды

1 699 просмотра

Семей қаласындағы тойға қатысушылар арасындағы жаппай тамақтан уланудың себебі жалға алынған мейрамханада санитарлық-гигиеналық және эпидемиологиялық талаптардың өрескел сақталмауы болғаны анықталды деп хабарлайды ҚР Тұтынушылар құқықтарын қорғау агенттігінің баспасөз қызметінен.

Семей қаласы жұқпалы аурулар бөлімшесіне 2014 жылы шілденің 5-нен 8-не дейін мерзімде тойға қатысқан 138 адамның 41-і улану белгілерімен түскенін естеріңізге саламыз. Ауруханаға түскендер 2014 жылы 4 шілдесінде қаладағы «Дастан» мейрамханасындағы тойда болған.Клиникалық-эпидемиологиялық деректер бойынша барлық ауруханаға түскендерге «Орташа ауырлық дәрежедегі сальмонеллез» диагнозы қойылды.

«Зертханалық зерттеулермен тағам өнімдері сынамаларында патогендік және шартты патогендік бактериялардың болуы расталды (salmonella enteritidis. staph.aureus, proteus vulgaris).Сонымен қатар мейрамхана қызметкерлерінің арасында бактерияны жұқтырушы анықталып, ол жұқпалы аурулар дәрігеріне емделуге жолданды»,-делінген хабарламада.

«Мейрамхана әкімшілігі айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, санитарлық ережелердің анықталған бұзушылықтарын толық жойғанға дейін мейрамхана қызметін тоқтату үшін тексеру материалдары сотқа, ішкі істер органдарына қылмыстық іс қозғау үшін жолданды»,-деп хабарлайды ведомство.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

24 шілде 2014, 17:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.