Фото: ИА Новости-КазахстанАСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан чемпионы - "Ақтөбе" футбол клубы өз алаңында Чемпиондар Лигасындағы екiншi раундтың қарымта матчында тбилисилiк "Динамо" командасын 3:0 есебiмен тiзе бүктiрдi.
Бiрiншi таймда екi команда өте үлкен жылдамдықта кезек-кезек шабуылдарға жиi шығып отырды. Бiрақ алғашқы 45 минуттықта есеп ашылмады.
Екiншi таймның соңғы он минутында қатарынан үш гол салып кеттi. Олардың авторлары: Антонов, Айымбетов пен Зенькович.
Алғашқы матч Тбилисиде өткенi белгiлi. Ол кезде ақтөбелiктер қарсыластарынан 1:0 есебiмен басым түстi.
Үшiншi кезеңде қазақстандық клуб норвегиялық "Стремсгодсет" немесе румыниялық "Стяуа" клубына қарсы ойнайды.
Дереккөз: inform.kz
В Атырау 0