Атырау, 25 қараша 17:51
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бостонда сотталғалы тұрған Азамат Тәжіаяқов жазасын отанында өтегісі келеді

2 041 просмотра

Азамат Тәжіаяқов сот залында. Фото: bostonglobe.comАзамат Тәжіаяқов сот залында. Фото: bostonglobe.comАҚШ-тағы сот барысында алқа билер кінәлі деп тапқан қазақ баласы жазасын елде өтегісі келеді. Бостондағы жарылыс үшін сотталғалы тұрған Азамат Тәжіаяқовтың әкесі Әмір Исмағұлов енді ұлын Қазақстанға экстрадициялауды өтінбекші деп хабарлайды КТК арнасы.

Тұңғышын АҚШ-тың түрмесіне қимаған ата-ана, осылайша, Азаматты елге қайтарып алмақ. О бастан ұлдарының ақталарына сенімді жүрген олар қазір есеңгіреген күйде.

Сотпен келіспеген Азамат Тәжіаяқовтың әкесі ауыр жаза күшіне енген күні-ақ еліміздің Сыртқы істер министрлігіне баласын Қазақстанға экстрадициялау жөнінде өтініш жасамақшы.

Яғни жазасын елде өтесе екен дейді. Ал үкім шыққанға дейін дипломаттардың араша түсуге құқығы жоқ.

"Сотта біздің адвокаттар 100 пайыз дәлелдеп берді. Азамат ешқандай сөмкені алған да жоқ, лақтырған да жоқ! Біз біздің Сыртқы істер министрлігіне балаларды Қазақстанға экстрадициялау жөнінде өтініш жасаймыз. Оны Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі шешеді", - Азамат Тәжіаяқовтың әкесі Әмір Исмағұлов.

Дереккөз: nur.kz

24 шілде 2014, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.