АҚШ-тың алқа билері Бостонда 2013 жылғы терактіні ұйымдастырды деп айыпталған Джохар Царнаевтың жолдасы Азамат Тәжаяқовты терактіні тергеуге кедергі келтіруде кінәлі деп таныды, деп хабарлайды РИА Новости Рейтер агенттігіне сілтеме жасап.
Тажаяқов сот төрелігіне кедергі келтірді және осы мақсатта қылмыстық келісімде болды деп айыпталуда.
Тергеу деректері бойынша, Қадырбаев пен Тәжаяқов жарылыстан кейін Царнаевтың бөлмесінен оның ноутбугі мен фейерверктер салынған рюкзагін алып кетіп, жоюға тырысқан, рюкзак кейін қоқыстан табылған.
Еске сала кетейік, аталған оқиға 2013 жылдың сәуірінде Бостонда марафон өткізу кезінде орын алды. Екі жарылыстың салдарынан үш адам қаза болып, 260-тан астамы жарақат алды. Бұл істе ағалы-інілі Царнаевтар күдіктелуде. Үлкені Тамерлан полициямен болған атыс кезінде мерт болды. Жоһары ұсталды, оған 30 пункт бойынша айып тағылды. Оның ішіндегі 17-сіне өлім жазасы кесіледі. Царнаевтан басқа, бұл іске оның екі досы - Қазақстан азаматтары Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаев және америкалық Робер Филиппостың қатысы бар күдіктеліп отыр.