Атырау, 2 қазан 00:31
 ашықВ Атырау +19
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Алматы облысында сел аймағынан адамдарды көшіруде, жаңа сел басу қаупі жоқ - ТЖМ

3 194 просмотра

Құтқарушылар Алматы облысында сел аймағынан адамдарды көшіруді жалғастыруда, жаңа сел басу қаупі жоқ, деп хабарлады Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. 

 «Талғар өзені бойындағы жағдай қалыпты. Су көлемі азайып, 50 текше метрге жетті, мұздақ ағыны жоқ. 19 шілдеде жүргізілген аэровизуалды ұшып тексеру нәтижелері бойынша зерттеліп жатқан аумақта жағдай қалыпты, сел ағының қайта орын алу қаупі жоқ», - делінген ведомствоның таратқан баспасөз хабарламасында.

Алматы облысы Талғар ауданында сел шығарындысының салдарын жою жұмыстары жалғасуда. ҚР ТЖМ тікұшақтарымен және жаяу жүру арқылы «Спутник» сауықтыру лагерьлерінен адамдарды эвакуациялады. Қазіргі уақытта балалар лагерінде болу мерзімінің аяқталуына байланысты 119 бала лагерьден көшірілді, сондай-ақ ҚР ТЖМ авиациясы демалып жатқан 93 баланы эвакуациялады. Қазіргі уақытта лагерьде 21 бала қалды, олардың мұнда болу мерзімі 22 шілдеде аяқталады.

Тікұшақ алаңында медицина қызметкерлері мен Алматы облысы ТЖД психологтары кезекшілік етуде, аудандық ІІБ бекеттері орнатылды. Жергілікті атқарушы органдар адамдарды тұрғылықты жерлеріне тасымалдап, жеткізіп салу жұмыстарын ұйымдастырды.

ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ «Спутник» сауықтыру лагеріне электр генераторлардың жұмысына қажетті 500 литр жанар-жағармай жеткізілді. Азық-түлік өнімдерін жеткізу ұйымдастырылды. 

«Спутник» жазғы лагеріне дейін тазалау және топырақ төсеу жұмыстары (жалпы 175 жерге топырақ төселді, 200 машина топырақ жеткізілді) жүргізіліп, «Талғар» бөгетінен экологиялық бекетке дейінгі жол (800 метр) кеңейтілді. Бұл жұмыстарға барлығы ҚР ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардан 137 адам мен 149 бірлік техника, сондай-ақ 3 тікұшақ жұмылдырылды.

 
21 шілде 2014, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.