Атырау, 25 қараша 15:24
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алматы полициясы жол апатының себепкерін ұстауға көмектескен бойжеткенді марапаттады

1 431 просмотра
Алматы полициясы жаяу жүргіншілерді мертіктіп, оқиға орнынан сытылып кетпек болған салықшыны ұстауға септескен бойжеткенді марапаттады.

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Тахмина Шахимарданованы ІІД басшылығы, жеке құрамы, қалалық ардагерлер кеңесі марапаттады.

«Бойжеткеннің азаматтық белсенділігінің арқасында жол апатына себепкер болған адам ұсталды. Бұл барлық азаматтарға сабақ болары сөзсіз. Жүргізушінің мас күйінде көлік айдағаны белгілі болды. Демек ол қоғам үшін үлкен қауіп туғызды»,- деді ІІД басшысының орынбасары  Ізбасар Бектұров.

Өз кезегінде Тахмина қиын жағдайға түскен адамдарға көмек қолын созуға әрдайым әзір екендігін жеткізді. Бойжеткен зардап шеккен жандармен тығыз байланыста екен.

Оның айтуынша, қазір анасы мен баласы жазылып келеді.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір ай бұрын жүктіліктің 9 айындағы келіншекті 3 жасар баласымен қоса «Лексус» көлігі Алматы көшелерінің бірінде қағып кеткен еді.

Кейін белгілі болғандай, екі адамды мертіктірген Ұйғыр аудандық салық басқармасының басшысы Бақыт Құрманов оқиға орнынан ізін суытпақшы болған. Сол кезде жолдан өтіп бара жатқан Тахмина Шахимарданова өзінің көлігімен салықшының жолын бөгеп,полиция шақыртқан еді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

21 шілде 2014, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.