Павлодар шекара жасағына қарасты «Қосақ» (автомобильді) бақылау бекетінің бақылаушылары «ВАЗ» маркалы машинасымен «Астана - Кемерово» бағытында келе жатқан Ресей Федерациясының азаматын ұстады.
Шекаралық тексеру кезінде «Арабэла» есімді қызметтік ит автомашинаның оң жақ бөлігіне келіп, мазасызданып тұрып алды. Арнайы құралдардың көмегімен жанармай құятын бактың ішін қараған кезде ол жерде бөгде заттың жатқандығы анықталды.
Осыдан кейін ауысымның басшысы машинаны мұқият қарау туралы шешім қабылдайды. Күдік алдамапты, бензин құятын бакты ашып қараған кезде ол жерден 0,5литр шөлмектерге салынған героин табылды, жалпы салмағы 3 келі болып шықты.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Дереккөз: ҚазАқпарат