
«Бұл көрсетілген бағалар Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Мұнай және газ министрлігі және Табиғи монополияларды реттеу агенттігі кіретін үкіметтік ведомствоаралық комиссияда бекітілді. Сонымен, тамыз айынан бастап АИ-92 маркалы жанармайдың құны – 145, дизель отыны – 130 және АИ-80 жанармайы – 122 теңгеден сатыла бастайды. Ақпарат нақты», - дейді агенттік қызметкері.
Естеріңізде болса, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Қазақстанда шілде айында жанармай бағасы қымбаттамайтынын хабарлаған болатын.
Дереккөз: bnews.kz
18 шілде 2014, 14:54