Алматы. 18 шілде. ҚазТАГ – Бостонда қазақстандық студент Азамат Тәжаяқовтың ісі бойынша өтіп жатқан соттағы алқа билерінің кеңесінде үш күндік үзіліс жарияланды, деп хабарлады американдық журналистер.
«Тәжаяқовтың алқа билерінің біреуі өзін нашар сезініп, оған медициналық көмек керек болды. Бүгінге кеңес аяқталды. Дүйсенбі күні жалғасады», - деп мәлім етті журналист Алиша Палумбо.
Бұл ретте жұма күні алқа билерінің отырыс болмайтындығы, себебі билердің біреуі отырысқа елеулі себептермен қатыса алмайтындығы айтылады.
Сондай-ақ алқа билерінде айыптау жағы мен адвокаттарға сауал туындағанын, бірақ ол нендей сауал екені журналистерге беймәлім екендігі айтылады.
«Прокурорлар мен адвокаттарға сұрақтар жазылған парақшалар тапсырылды», - деп жазды Тодд Казакевич.
Өз кезегінде Брюс Геллерман, сұрақты оқыған прокурор Стефани Сигманкүліп жіберді, деп жазады.
«Прокурор Сигманқағазды оқып шығып, күліп: «Маған мынау сауал ұнайды», - деп айтты. Адвокат Майерс: «Бұл қызық»деді», - деп атап өтті Б.Геллерман.
Сондай-ақ А. Тәжаяқовтың әкесі Әмір Исмағұлов алқа билерінің үкімді ұзақ уақыт шығаруы оны және оның отбасын алаңдатулы екенін айтыпты.
«Тәжаяқовтың әкесі: «Алқа билері неғұрлық ұзақ кеңескен сайын біз сол ғұрлым алаңдаулымыз», - деді А.Палумбо.
«Тәжаяқовтың әкесі тілмәштар арқылы істің күн сайын созылғанымен үкімнің әлі шықпай жатуы оның отбасын қатты күйзелтіп отырғанын айтты», - деді Зак Сэмпсон.
Еске сала кетейік, Массачусетс университетінің екі қазақстандық студентін – Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаевты Бостон марафонындағы жарылысты ұйымдастырған ағайынды Царнаевтардың кішісі Джохарға көмек берді деген айыппен ұстаған болатын.
7 шілде күні Бостонда қазақстандық студент Азамат Тәжаяқовтың үстінен сот процесі басталды. Прокурорлар А. Тәжаяқовқа 2013 жылдың 15 сәуірінде орын алған Бостондағы марафонда үш адамды өлтіріп, тағы 260-ына жарақат зардабын тигізді деп айыпталып жатқан Д. Царнаев ісінің тергеуіне кедергі келтірді деген айып тағылуда. Прокурорлар сондай-ақ А. Тәжаяқов пен Д. Қадырбаев Д. Царнаевтың бөлмесінен дәйектерді одан мәтіндік хабарлама алғаннан соң шығарып тастағанын мәлімдеді.
Дереккөз: ҚазТАГ