Қарағандыда маусым айында болған жер сiлкiнiсiнiң себептерi анықталмады – ТЖМ
1 173 просмотра
«Қарағандыдағы жер сiлкiнiсi 10 шақырым тереңдiкте болды және тектоникалық сипатта болды. Бұл ақпаратты сейсмология институты зерттеп жатыр. Оның не себептен болғанын әзiрге айта алмаймын», - дейдi В.Божко.
Министр бұл өңiрде жер сiлкiнiсiнiң қайталанып-қайталанбауы белгiсiз дейді.
«Маған Қарағандыда жер сiлкiнiсi болғаны туралы ақпарат жеткен кезде мен дереу өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қызметтерiн, Қарағанды Төтенше жағдайлар департаментін шахталарға жiбердiм. Мүмкiн шахталардың бiрiнде газ жарылды ма немесе басқа жағдай болды ма деген ой туындады. Маған бiрде-бiр шахтада ешқандай оқиғаның болмағаны хабарланған кезде мен бұған таң қалдым», - дейді министр.