Министрдің сөзіне қарағанда, әлемде жалған дәрілер айналымы артып келеді. Мәселен, АҚШ-тың азық-түлік өнімдері мен дәрілік препараттарды бақылау жөніндегі басқармасының деректері бойынша жалған дәрілердің әлемдік айналымы 75 млрд. АҚШ долларын құрайды. Ал Еуропада соңғы жылдары 7 млн-нан астам жалған фармацевтикалық өнімдерді тәркіленген.
«Жалған дәрілік заттар айналымының 51 пайызы Азия елдеріне тиесілі. Ал Қазақстанның фармацевтикалық нарығына Қытаймен географиялық көршілігіміз үлкен қауіп болып отыр. Өйткені, контрафактілі дәрілердің басым бөлігі осы елден жеткізіледі», - дейді министр Салидат Қайырбекова.
Оның айтуынша, Қазақстанның импортқа тәуелділігі де мұндай жалған дәрілердің ел нарығына енуіне жағдай жасауда.
Дереккөз: inform.kz