Астанада лесби қыздарға қатысты да сот басталды. Ғашығын өлтірген әйел 3 сыбайласымен бірге жауап беріп жатыр. Қолын қанға малған сол басты күдікті Александра Лидің 5 сыныптық қана білімі бар болып шықты деп хабарлайды КТК арнасы.
Күйеуін өлтірген 30 жастағы Александра Ли сот залында өзін емін-еркін ұстады. Тіпті, судьяның сұрағына күле жауап беруге тырысты.
Аллесби қызды буындырып, денесін бөлшектеп кейін оны өртеп жіберуге көмектескен сыбайластары болса опық жегендерін енді түсінсе керек. Көз жастарына ерік берді. Диана Нұржанова 21, Мария Гурева 20 жаста.
Марқұм Кристина Чернышевамен некеге тұрған "Каролина" деген лақап атпен танымал 30 жастағы Александра Қарағандыда тойларын дүркіретіп өткізген еді. Бір жыл өтпей жатып араларында жанжал шығып Каролина өзінен 10 жас кіші "сүйіктісін" қатыгездікпен өлтірген.
Енді лезби қыз өмір бойына абақтыға жабылуы мүмкін.
"Мен оларға ең қатал жаза берсе деймін. Олардан қандай ана шығады? Балаларына қандай тәрбие бермекші? Тірі адамды бөлшектеп, өртеп жіберу деген сұмдық қой. Менің сөзім жоқ. Егер сот әділ шешім бермесе, онда оларға құдай жазасын берсін", - дейді Кристина Чернышеваның анасы Оксана Какаулина.
Дереккөз: nur.kz