АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық "Ақтөбе" футбол клубы Чемпиондар Лигасындағы біліктілік кезеңінде сырт алаңда Грузияның "Динамо" командасымен кездесу өткізді.
Бұл ойында қонақтар өз қарсыластарын 1:0 есебімен тізе бүктірді. Ойындағы жалғыз голдың авторы - "Ақтөбенің" бразилиялық футболшысы Неку. Ол ойынның 51-минутында қапталдан Хайруллиннің әуеден берген пасын ұтымды қабылдап, допты қақпаға баспен салды.
Айта кетейік, бұл қазақстандық клубтың биылғы маусымдағы Чемпиондар Лигасы аясындағы алғашқы матчы. Қарымта кездесу 23 шілде күні Ақтөбе қаласында өтпек.
Дереккөз: inform.kz
В Атырау 0