Бiлiм және ғылым экс-вице-министрi Саят Шахметовке 1,5 млрд теңге көлемiнде бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылуда. Сот отырысы судья Бақытбек Сыздықовтың төрағалығымен өтуде. Нұрлан Бейсекеев отырысқа айыпталушының қорғаушысы ретiнде қатысуда.
Естерiңiзге сала кетейік, 2013 жылдың 29 сәуірінде ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Өскемен қаласындағы 700 оқушыға арналған білім мекемесінің құрылысын жүргізу кезінде 1,5 млрд теңгеге жуық бюджет қаражатын иемдену және талан-таражға салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Биылғы жылдың 14 мамырында аталған қылмысты жасауға күдікті ретінде ҚР білім және ғылым вице-министрі С.Шаяхметов пен «ҚР салынып жатқан білім және ғылым нысандары дирекциясы» ЖШС бас директоры А.Пак ұсталды. 17 мамырда сот санкциясымен Шаяхметов үйқамаққа алынып, Пак тұтқындалған болатын. Бұған қоса «ЗАК Сервис» ЖШС бұрынғы бас директоры Р.Киреевке де айып тағылып, тұтқындалған болатын.
Дереккөз: bnews.kz