Атырау, 25 қараша 15:28
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жарылқап Қалыбайға қатысты сот процесі басталмай жатып аяқталды

1 381 просмотра

Биылғы жылы көп уақытын - журнал шығарудан гөрі, сот табалдырығын тоздыруға жұмсаған Жарылқап Қалыбайға қатысты сот процесі басталмай жатып, аяқталды.

Оның себебін журналисттің өзі, "қазақ тілін қорлағандарға қарсы шыққаным үшін, үш тәулікке қамап тастауға" шешім шығарған судьяның азаматтық істі де қарауына қарсылығым" - деп түсіндірді.

"Маған таққан нақақ жаласын ажыратпай жатып, мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді талап еткен мені айыпқа бұйырып, жазықсыз үш тәулікке қаматқан. Мен ондай әділетсіз судьяның екінші мәрте менің тағдырымды шешетін сот ісіне төрелік етуіне үзілді кесілді бас тартамын", - дейді "Аңыз адам" журналының редакторы.

"Скат" ісіне қатысты сот шешімін шығарған судья Тұрғымбаевтың азаматтық істі қарауына қарсылық білдірген талап-арызын Жарылқап Қалыбай мырза әкімшілік сот төрағасына қалдырды.

Естеріңізге сала кетсек, таяуда ғана Алмалы аудандық соты, өздерінің атынан жазылған талап-арызбен таныс емес - Алматыдағы Қарттар үйінің 8 ардагері мен екінші дүниежүзілік соғысы ардагерлерінің бірнешеуіне Қалыбай мырзадан 13 миллион теңге өндіріп беру туралы шешім шығарған болатын.

"Нағашыбай Есмырзаның "Гитлер - фашист емес" деген материалы мен Мырзағали Хасенов, Қарағанды университетінің профессоры, Майн Кампфта көп нәрсе дұрыс жазылған деген екеуінің жауабынан экстремизм белгілері бар болуы мүмкін деген сараптама қорытындысы шықты. Яғни, бар емес, болуы мүмкін", - дейді Жарылқап Қалыбайдың өзі.

Дереккөз: 31 канал

16 шілде 2014, 09:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.