Америка прокуратурасы Бостондағы терактіден кейінгі келесі күні Джохар Царнаев түсіп қалған бейне камера жазбаларын көрсетті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Америкалық БАҚ-тардың хабарлауынша, видео осы күндері Бостонда өтіп жатқан терактіні тергеуге кедергі келтірді, деп айыпталып отырған қазақстандық студент Азамат Тажаяқовтың ісі бойынша сот отырысында көрсетілді.
Жазбада Царнаев пен Тажаяқовтың, өздері бірге оқыған Дартмуттегі Массачусетс университетінің спорт залына кіріп бара жатқандары көрініп тұр. Бірнеше уақыттан кейін жігіттер залдан шықты.
Тәжаяқовтың адвокаты, қорғалушысының жоспарланған теракті туралы білмегендігін және еш уақытта Царнаевпен марафондағы болған жәйітті талқыламағандығын алға тартады.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.