Атырау, 25 қараша 15:37
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Министрлік турфирма клиенттерінің мүддесін қорғайды

1 263 просмотра
ҚР Көлік және коммуникация министрлігі қазақстандық туристік компания клиенттерінің мүддесін қорғайтын болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлікте Қазақстанның туризм нарығында чартерлік тасымалды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті. Кеңесті қорытындылаған министр Жеңіс Қасымбек Азаматтық авиация комитетіне көлік саласындағы нормативті-құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құруға тапсырма берді. Қазіргі кезде Азаматтық авиация комитеті мүдделі мемлекеттік органдардан, Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан, туристік ұйымдар мен авиакомпаниялардан комиссияға кіретін кандидатураларын күтуде.

Жұмыс тобының негізгі мақсаты – туристік компанияларға клиент болған Қазақстан азаматтарының күйзелісті жағдайларына жол бермеу. Туристердің мүдделерін қорғау мақсатында жұмыс тобы көлік саласына, оның ішінде тасымалдаушыларға қатысты заңнамаға өзгерістер енгізу жұмысын жалғастырып, аталған саланы жетілдіру жөнінде ұсыныстар беретін болады.

"Жұмыс тобын құру туристік ұйымдар мен тасымалдаушылар жұмысындағы кездесетін сәйкессіздіктерді айқындауға көмектеседі. Көлік және коммуникация министрлігі өз құзырында халықтың өмірі мен денсаулығына қатер төндірмей қауіпсіз ұшуларды қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасап отырғанына ерекше көңіл аударып отыр", - деп атап өтті Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов.

Еске сала кетейік, жаздың басынан бері "Гульнар тур" операторының жүздеген клиенті Түркиядан өз уақытында елге келе алмай қалған еді. Тағы сонша турист елден демалысқа дер кезінде ұша алмай қалды. Азаматтық авиация комитетінің мамандары "Гульнар Тур" рейстерін орындаған Jet Airlines әуе компаниясы ұшақтарының пайдалану рұқсаттары мерзімінің 30 маусымға дейін ғана жарамды екенін айтты, мәселе сол себепті туындаған. Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы "Гульнар Тур" фирмасына наразылық білдірді. Ал ҚР Сыртқы істер министрлігі туристік компанияның лицензиясын тартып алуға өтініш білдіретінін хабарлады. ҚР Көлік және коммуникация министрлігі мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі шетелде жолы болмай қалып қойған туристердің бәрі 12 шілдеге дейін елге әкелуге уәде берді. Туристердің басындағы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды. "Гульнар турдың" азаматтарға келтірген шығыны - 30 млн теңге. 

Дереккөз: tengrinews.kz

 

15 шілде 2014, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.