Фото: bleri.blog.ruКөкшетау. 14 шілде. ҚазТАГ – Ақмола облысында кәмелетке толмаған шабандоздың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады өңірдің ІІД баспасөз қызметінен.
«Сандықтау ауданы АІІБ ат жарысына қатысқан Бестөбелік кәмелетке толмаған шабандоздың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс 138 бап 2 бөлімі (балалардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігін сақтау бойынша міндеттерін тиісті орындамауы) бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Еске салсақ, ат спортының ұлттық түрлері бойынша республикалық федерация ұйымдастырған Ақмола облысындағы ат жарысында 10 шақырымдық Топ-Бәйге кезінде Ақмола облысы Бестөбе ауылының 14 жасар шабандозы Дәурен Тлеубергенов қаза тапты. Қатты шауып келе жатқан аты сүрініп кетіп, үстінен ұшып кеткен шабандоздың үстіне құлаған. Дәрігерлер жасөспірімді құтқара алмады.
Осы жарыста Қарағандының 1997 жылы туылған тағы бір шабандозы жарақаттанды. Ол қазір Балкашино с. ОАА-ға жеткізілді.
Дереккөз: ҚазТАГ