Фото: zonakz.netАстана. 14 шілде. ҚазТАГ – Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қырғызстан премьер-министрі Джоомарт Оторбаевқа Ыстықкөлге қазақстандықтарды көбірек тартуға уәде берді, деп хабарлады ҚР үкіметінің баспасөз қызметі.
«Осы маусымда біз қазақстандық туристер (шекарадағы өткізу бекеттерінен – ҚазТАГ) емін-еркін өтіп, бұнда туристік маусымды сәтті өткізу жағдайының құрылуы есебінен Қырғызстандадемала алуы үшін барлық жағдайды жасауымыз керек. Бүгінгі таңда шекараны ар жақ, бер жақтан кесіп өту бойынша көптеген келеңсіздіктер бар. Бізге бұл проблеманы шешуге тырысу керек. Біз бәріміз осымен айналысуға тиіспіз», - деген К. Мәсімовтың Д. Оторбаевпен өткен келіссөздер қорытындысы бойынша айтқан дәйексөздерін келтіреді Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі.
«Біз туроператорлардың жұмысын жандандырдық және қазақстандық туристерді біз осында келтіреміз. Бұл біздің адамдар үшін де, сіздің бизнес үшін де жақсы», - деп атап өтті ҚР үкіметінің басшысы.
Хабарланғандай, келіссөздер барысында екі ел премьер-министрлері Қазақстан мен Қырғызстан азаматтарының шекараны тез де, қауіпсіз кесіп өту мәселелеріне ерекше назар аударды, соның ішінде қырғыз-қазақстандық мемлекеттік шекарасындағы өткізу бекеттерінің жұмысын жетілдіру, сондай-ақ Шу, Талас пен Ыстықкөл облыстарындағы бақылау-өткізу бекеттерінің инфрақұрылымын жақсарту бойынша нақты шараларды жақынырақ талқылады.
Осы мақсатпен үкіметбасылары бірлесіп «Ақжол»-«Қордай» бақылау-өткізу бекетін (БӨБ) инспекциялап шықты.
«Қазір туристік маусым басталады, және бізге Қазақстан азаматтарының демалу мақсатымен шекараны еш қиындықсыз кесіп өткені маңызды», - деді Д. Оторбаев инспекция кезінде. Тараптар «Ақжол»-«Қордай» БӨБ пилоттық жобасымен Қырғызстан аумағында орналасқан өткізу бекеттерінде тауарлар мен транспорттық құрылғыларды бірлесіп бақылауды бастау туралы келісімге келді.
Сондай-ақ қазақстандық туристік топтардың «Чоркудук» тау шатқалындағы қырғыз-қазақстандық шекара арқылы өтуін жеңілдету мәселесі келісілген.
Қазақстандық тарап сонымен қатар Қырғызстан ІІД жол-патрульдік қызметінің елде ресми айыппұлдар мөлшері мен ЖҚЕ ережелері туралы ақпараты бар стикерлерді үлестіруді бастағандығынан, сондай-ақ ЖПҚ тарапынан жемқорлықтың көрінуіне жол бермеу үшін ақпараттық баннерлердің ілінгендігінен хабардар етілді.
2013 жылы 2,4 қазақстандық турист Қырғызстанда болған, бұл 2012 жылдан 593 мыңадамға көп. Мұнымен қатар қазақстандықтардың басым бөлігі Ыстықкөлге жазғы мезгілде барған.
Еске сала кетейік, ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қырғызстанға өткен сенбі күні жұмыс сапарымен барды.
Дереккөз: ҚазТАГ