Астана. 11 шілде. ҚазТАГ – Оксана Скибан. Қазақстан бапкерлік құрамының кадр тапшылығы проблемасын шешу үшін шетелден маман шақыртукерек, деп ұсынады ҚР спорт және дене тәрбиесі істері агенттігінің төраға орынбасары Елсүйер Қанағатов.
«Егер біздің жаттықтырушылар жетіспей жатса, мархаббат (шақырту керек – ҚазТАГ)! Мінеки, Қызылорда облысы осымен мақтана алады. Болашақта олардың нәтиже берерін біліп, бапкерлерді тартады. Егер біздікілер аздық етсе, жұмыс істегісі келетіндерді алыңдар. Өзіміздікілерге ұсынатындай жағдайларды ұсына отырып. Бұл істі бірыңғайлатуға болады», - деді Е. Қанағатов жұма күні салалық ведомство коллегиясында.
Оның айтуынша, қазір бұл бағытта Беларусь спорт министрлігімен келісім бар.
«Белорус спорт министрлігімен меморандум жасалған, біз халықаралық деңгейде жұмыс істейтін Беларусьтағы жоғары бапкерлер мектебімен байланысқа шығып, істі соңына дейін апардық. (Қазақстан бойынша жергілікті спорт және дене тәрбиесі басқармаларына – ҚазТАГ) контактілерін береміз, ақшамыз жоқ деген жауап аламыз. Егер бұған ақша болмаса, жоспарлаңыздар. Онсыз болмайды қазір. Жаттықтырушыларды шетелге бір айға жіберу де міндетті емес, онлайн да оқытуға болады», - деп түсіндірді Е. Қанағатов.
Сонымен қатар Е. Қанағатов өз бапкерлеріміздің біліктілігін шыңдаудыоқыту қажеттілігін атап өтті.
«Біз бапкерлерді оқытқымыз келеді. Қазір бапкерлердің біліктілігін арттыру курсымен тікелей айналысатын оқу-әдістемелік орталығын бір ұйым ретінде қайта құрамыз. Мәселені соңына дейін шешуіміз керек – (республикада – ҚазТАГ) жоқ спорт түрлері бойынша бапкерлер мектебін ашуды. (Өңірлік спорт және дене тәрбиесі департаменттерінен – ҚазТАГ) осыған байланысты өз бюджеттерін қайта қарауды өтінемін», - деп түйді ведомство басшысының орынбасары.
Дереккөз: ҚазТАГ