Фото: artzhaluzi.kzАстана. 11 шілде. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Елорданың ІІД әкімшілік полициясы басқармасы бастығының орынбасары Госман Жакин астаналықтарға москит торларға арнайы ілмектер салуды ұсынды.
«Ата-аналарға тағы да арнайы москит торларының тек терезе жақтауларына қыстырып қоюға арналған, оның күштеуге есептелмегенін еске салғымыз келеді. Полицейлер ата-аналарға терезе ілмектерін тексеруді, және мүмкіндігінше арнайы қорғаныс қоюды ұсынады», - деді Г. Жакин жұмадағы баспасөз мәслихаты барысында.
Терезе жасайтын компаниялар балаларды қорғауға арналған арнайы жүйелерді көрсетті. Терезе 10-15 см ашылып, кілтпен бекітіледі. Сәйкесінше бала да терезеден құлап кете алмайды.
Г.Жакин хабарлағандай, Астананың ІІД әкімшілік полиция басқармасының статистикалық ақпарына сай ағымдағы жылдың 6 айында 50 қайғылы жағдай орын алған. Оның 11-інде балалар көз жұмған.
«(…) Көбене балалар москит торлардан үлкендер жоқ кезде құлап жатады. Қазіргі таңда сондай 10 жағдай болды, оның 2-інде балалар көз жұмды», - деді Г.Жакин.
Оның пікірінше, мұндай жағдайлардың көбі ата-аналардың өз балаларына салғырт қарауынан орын алып жатады. Сонымен қатар, өткен кезеңде тоқтан жарақаттанған 7 жағдай тіркелді, соның нәтижесінде 1 бала көз жұмды. Сондай-ақ пешпен жылыту кезінде газдан уланудың 4 жағдайы, 2 өрт тіркелген, оның бірінде екі кішкентай бала көз жұмды.
Жаңа туған сәбилердің қаза табуының 3 фактісі тіркелген, оның бірінде бесікте жатқан баланы қараусыз қалдырса, бірінде ұйықтап кеткен анасы баласын басып қалған.
Өткен мерзімде 48 ЖКО тіркелген, оның бірінде 1 адам көз жұмып, 47 бала дене жарақатын алған.
Дереккөз: ҚазТАГ