Атырау, 25 қараша 15:28
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алматыда «Гүлнәр тур» туроператорына қатысты қылмыстық іс қозғалды

2 117 просмотра

Алматы. 11 шілде. ҚазТАГ – Алматыда алаяқтық бабы бойынша «Гүлнәр тур» ТК ЖШС қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады қала прокуратурасының баспасөз қызметі.

«9 шілде күні Бостандық аудандық ІІБ-ға М.К. Бағыров пен басқалардың (алдын ала мәліметтер бойынша барлығы 28 жәбірленушінің) арыздарымен ҚР ҚК 177 б. 3 б. «б» (ірі көлемде жасалған алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген прокуратура сайтында жұма жарияланған хабарда.

Бостандық аудандық прокуратурасы «Гүлнәр тур» туристік компаниясының қызметтерін пайдаланатын тұтынушы-азаматтардың құқығын дер кезінде қалпына келтіру мақсатында ЖШС жауапты тұлғаларының заңға қайшы әрекеттеріне жол бермеуге бағытталған жұмыс жүргізгені аталады.

Алдын ала шығын Т6 млн-ды құрап отыр.

Аталған қылмысты тергеу барысын қадағалау прокуратура органдарының қатал бақылауына алынған.

Еске салсақ, «Гүлнәр тур» туроператор төңірегіндегі қалыптасқан жағдайға байланысты компанияның жүздеген клиенттері Түркиядан Қазақстанға ұшып шыға алмай қалды. Осындай жағдайға кейін Қазақстаннан Түркияға демалысқа ұшып кетуі керек клиенттер де ұшырады. Азаматтық авиация комитетінің айтуынша, «Гүлнәр тур» бағдарламасын орындап жүрген Jet Airlines авиакомпаниясын пайдалануға рұқсат 30 маусымға дейін болған. Соған қарамай туроператор шілде айының рейстеріне де билет сатуын жалғастырған.

Қазіргі таңда, ҚР ИЖТМ туризм индустриясы комитетінің ақпарынша, 1 мыңға жуық адам үйлеріне оралған. Қалған соңғы туристер Қазақстанға 11 шілдеде ұшып келеді деп күтілуде.

Дереккөз: ҚазТАГ

11 шілде 2014, 11:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.