Атырау, 25 қараша 15:39
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тәжаяқовтың әкесі: "Азамат Тәжаяқовтың адвокаттары бар кінәні Қадырбаевқа аударды деген мәлімет - қате"

2 181 просмотра

"Азамат Тәжаяқовтың адвокаттары бар кінәні Диас Қадырбаевқа аударды деген мәлімет - қате". "Астана" телеарнасына телефон арқылы түсініктеме берген Азамат Тәжаяқовтың әкесі осылай деді. Әмір Исмағұлов сот залында айтылған деректер қос қазақстандықтың да мүддесін қорғауға бағытталғанын мәлімдеді.

"Бұдан екі адвокат та хабардар", - дейді. Айтуынша, прокуратура қос қазақстандықтың арасына от салу үшін америкалық ақпарат құралдарына екі айыпталушы арасындағы араздық туралы мәлімдемелерді қасақана таратқан. 

Әмір Исмағұлов, А.Тәжаяқовтың әкесі:

Бұл жалған. Алғашқы күннен-ақ прокуратураның дерегі Азамат пен Диасты араздастыруға негізделгенін аңғардық. Олар Америкада осындай бос әңгімені таратады, ал біздің ақпарат құралдары оны көшіріп басады. Шындығына келсек, Азаматтың адвокаттарының сотта айтатын сөздерінен Диастың қорғаушысы үнемі хабардар. Ол залда барлығын естіп отыр. Сондықтан мұндай арандатушылыққа негіз жоқ.

Әмір Исмағұлов қазақстандық БАҚ-ын деректерді жинағанда және оны жариялағанда, өте сақ болуға үндеді. Еске салайық, Бостонда қазақстандық студент Азамат Тәжаяқовтың ісіне қатысты сот процесі өтіп жатыр. Айыпталушының әкесі осы жолғы отырыста соттың тағы бір тың деректі анықтағанын айтты. Оған сәйкес, Азамат алғаш рет өткен жылдың 23 сәуірі мен 1 мамыры аралығында тұтқынға алынған. Ол кезде отандасымыздың визасына қатысты қиындықтар туындапты. Әзірге сотта айыптаушы тараптың куәгерлері сұралуда.

Олар Царнаевтың бұрынғы бөлмелесі Эндрю Двинеллс пен Федералды тергеу бюросының агенті Сара Вуд. Двинеллс Тәжаяқовтың қорғаушысының "қазақстандық студент Царнаевтың бөлмесінен оған өзі уақытша пайдалана тұруға берген құлаққаптарын ғана алып шықты" деген уәжін нақтылады.

Айта кетейік, тағы бір отандасымыз Диас Қадырбаевқа қатысты сот ісі 8 қыркүйекте басталады. Егер қазақстандық студенттердің кінәсі дәлелденсе, 25 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Дереккөз: Астана арнасы

11 шілде 2014, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.