Фото: lucky-way.ruҚызылорда. 10 шілде. ҚазТАГ – Қызылорда облысында «Сырдария арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» (САРАТС) жобасының екінші кезеңін іске қосты, делінген облыс әкімдігінің сайтындағы хабарда.
«10 шілдеде Қызылорда облысының әкімдігінде САРАТС жобасының 2 кезеңін іске қосу шарасы өтті. (…) Құны 22,2 миллиард теңгені құрайтын САРАТС жобасының екінші кезеңін жүзеге асыру Арал өңірінің қоршаған орта жағдайын және әлеуметтік экономикалық дамуын жақсартуға мүмкіндік береді», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Іске қосу салтанатына ҚР Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Ерлан Нысанбаев, Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Көшербаев, және тағы басқалары қатысты.
«Жылдар бойы бүкіл әлем теңіздің тартылуына алаңдаса қазіргі кезде Қазақстанның Арал теңізінің солтүстік бөлігін құтқару жобасын жүзеге асырғанын таңдана айтуда. Елбасымыздың бастамасымен жүзеге асқан бірегей жоба «ғасыр жобасы» ретінде танылды», - деп атап өтті Қ. Көшербаев.
Хабарда айтылғандай, Дүниежүзілік банктің қолдауымен САРАТС жобасының бірінші кезеңі жүзеге асты. Нәтижесінде теңіздегі су деңгейін 38 метрден 42 метрге дейін көтеруге, теңізді аудан орталығына 53 шақырымға жақындатуға, аймақтағы экологиялық жағдайды жақсартуға, өңірдегі көлдер жүйесін қайта қалпына келтіруге және жойылып кеткен ондаған балық түрлерін қайта пайда болуына мүмкіндік берді.
Дереккөз: ҚазТАГ
В Атырау 0