Атырау, 6 желтоқсан 02:48
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Қазақстанның әскери базаларында материалдық-техникалық құралдардың қорын кенеттен тексеру жұмыстары басталды

1 421 рет қаралды

Фото: Қазақстан жаңалықтары АА.Фото: Қазақстан жаңалықтары АА.АСТАНА, 10 шіл - Қазақстан жаңалықтары АА. ҚР Қорғаныс министрі Серік Ахметовтың тапсырмасына сәйкес ҚР Қарулы Күштерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету құрамалары мен бөлімдерінде, сақтау базаларында олардың мүмкіндіктерін анықтауға, материалдық-техникалық құралдардың қорын тексеруге, сондай-ақ жұмылдыру және техниканы жеткізу қабілеттерін анықтауға бағытталған кенеттен тексеру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызеті.

ҚР Қарулы Күштері Бас штабы жүргізетін кенеттен тексеру жұмыстары барысында материалдық-техникалық қамтамасыз ету құрамалары мен бөлімшелері өздері тұрақты түрде орналасқан пункттен 150 шақырымға дейін жүріп өтті, әскерлер үшін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және дала жағдайында жұмыстарды ұйымдастыру үшін жоспарланған аудандарға орналастырылды.

Аталған іс-шара әскерлерді топтық өрістету және жауынгерлік даярлық жоспарын қолдану жағдайында материалдық-техникалық құралдардың жай-күйін, болуын және қажеттілігін анықтау мақсатында жүргізіледі.

Дереккөз: newskaz.kz

 
10 шілде 2014, 16:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.