Атырау, 1 қазан 20:41
 ашықВ Атырау +11
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Бостондағы қазақстандық студенттер Царнаевтың қоржынында не барын білген – ФБР

2 355 просмотра

Алматы. 9 шілде. ҚазТАГ – Федералды тергеулер бюросының (ФБР) агенті Сара Вуд Бостондағы сот тыңдалымдары кезінде айыпталушы қазақстандық студенттер Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаев Джохар Царнаевтың қоржынын оның ішінде пиротехника бар екенін білетұра лақтыруға бел буған деген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

«Бостондағы терактінің тергеуіне кедергі жасады деп АҚШ билігі тарапынан айыпталып отырған Қазақстан студенттері Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаев бірлесіп бұл қылмыстағы басты күдікті Джохар Царнаевтың қоржынын оның ішінде пиротехника бар екенін білетұра лақтыруға шешім қабылдаған», - делінген жарияланымда.

С. Вудтың айтуынша, А. Тәжаяқов о баста қоржында не бар екенін білгенін жоққа шығарып келген. Бірақ та кейіннен студент ФБР қызметкерлеріне қоржыннан алдын-ала дәрі алынған пиротехниканыңжасырылғанын көргенін айтып ағынан жарылған. Прокуратураның мәліметінше, Бостон марафонында ағайынды Джохар және Тамерлан Царнаевтар іске қосқанбомбалар жылдам қайнататын заттардан жасалып, әр түрлі зақымдаушы элементтермен, сондай-ақ отшашу дәрілерімен толтырылған.

С. Вуд жауап алу кезінде А. Тәжаяқов сонымен қатар Д. Қадырбаев екеуінің бірлесіп пиротехника салынған қоржынды лақтыруға бел буғандарын мойындаған. Мұнымен бірге А. Тәжаяқов тәртіп сақшыларымен болған әңгімелесулерде бұны тап Д. Қадырбаевтың өзі жасағанын айтып сендірген.

Хабарланғандай, 7 шілде күні Бостонда қазақстандық студент Азамат Тәжаяқовтың үстінен сот процесі басталды. Прокурорлар А. Тәжаяқовқа 2013 жылдың15 сәуірінде орын алған Бостондағы марафонда үш адамды өлтіріп, тағы 260-ына жарақат зардабын тигізді деп айыпталып жатқан Д. Царнаев ісінің тергеуіне тосқауыл болды деген айып тағылуда. Прокурорлар сондай-ақ А. Тәжаяқов пен Д. Қадырбаев Д. Царнаевтың бөлмесінен дәйектерді одан мәтіндік хабарлама алғаннан соң шығарып тастағанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Массачусетс университетінің екі қазақстандық студентін – Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаевты Бостон марафонындағы жарылысты ұйымдастырған ағайынды Царнаевтардың кішісі Джохарға көмек берді деген айыппен ұстаған болатын.

Кейін белгілі болғандай, қазақстандық студенттер АҚШ-тағы виза тәртібінің бұзылуына жол берген және жағдайдың анық-қанығына жету үшін ұсталған болатын.

1 мамыр күні екі студентке де айғақ көзін құрту арқылы тергеу ісіне қарсы шықты деген қылмыстық айып тағылған болатын. Аталған айыптау бойынша оларға 25 жылға дейінгі жиынтық мерзім қаупі төніп тұр.

Сонымен қатар А. Тәжаяқов пен Д. Қадырбаев өз кінәларын мойындамады.

Дереккөз: ҚазТАГ

9 шілде 2014, 15:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.