
«Ағымдағы жылғы қаңтар-маусымда баға бидайға 10%, күрішке - 3,1%, арпаға - 2,3%, тарыға - 0,1%-ға өсті, ал қарақұмыққа 19,9%, қара бидайға - 17,1%, жүгеріге - 3,4%, сұлыға - 0,9%-ға төмендеді», - деп жазылған хабарламада.
Картоп 17,3%, басты пияз - 15,2%, қырыққабат - 14,4%, асханалық сәбіз - 12,6%, асханалық қызылша - 10,8%-ға қымбаттады. Баға өсімі бұршаққа 14,1%, күнбағыс тұқымына - 1,1%-ды құрады.
Баға құс етіне 4,1%, шошқа етіне - 4%, қой етіне - 1,6%, жылқы етіне - 1,4%, ірі қара мал етіне - 0,3%-ға өсті. Жұмыртқа 25,7%-ға арзандады, ал шикі сүт 4,8%, жүн - 1,9%-ға қымбаттады.
Дереккөз: bnews.kz
9 шілде 2014, 12:47