Мемлекеттік органдардағы әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу үшін конкурстарға қатысу кезінде алаяқтық әрекеттерді болдырмау мақсатында сертификаттарды онлайн-тексеру жүйесі іске қосылды. Бұл жұйе ағымдағы жылдың наурызынан бастап жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Агенттіктің www.kyzmet.gov.kz сайтында «Тестілеу» айдарының «Тестілеу нәтижелері» бөліміне азаматтың ЖСН-ін енгізгенде арнайы бағдарлама кандидаттың ТАӘ, тестілеуден өткен күнін, «Өтті/Өтпеді» деген мәртебесін, лауазымның санатын және тест тапсырған өңірін көрсетеді», - делінген хабарламада.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік органдарды бағдарламаның жұмысы туралы хабардар етті. Мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтері
(кадр қызметтері) өз міндеттерін атқару барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты арқылы сертификаттың түпнұсқалылығын тексеруге міндетті.
Дереккөз: bnews.kz
9 шілде 2014, 09:38
В Атырау 0