
«8 шілде күні сағат 16:27-де Жамбыл облысы бойынша ТЖД жедел кезекшісіне теміржол бөлімшесінің кезекші диспетчерінен хабарлама келіп түсті. Онда Тараз қаласы Шөлдала стансасында 8 станса жолында төрт жүк вагонының рельстен шығып кеткені айтылған. Абырой болғанда адамдар зардап шеккен жоқ», - делінген хабарламада.
Апатты-қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына 22 адам мен Жамбыл стансасының апатты-қайта қалпына келтіру пойызы, ТЖД жедел тобы, желілік ІІБ жедел тергеу тобы мен көлік прокуроры жіберілді.
Апатты-қайта қалпына келтіру жұмыстары сол күні сағат 18:50-де аяқталды.
Дереккөз: bnews.kz
9 шілде 2014, 09:37