Атырау, 1 қазан 20:36
 ашықВ Атырау +11
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Қазақстанда «Дене шынықтыру және спорт туралы»заң қабылданды

6 627 просмотра

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысы заңнаманы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ҚР Президенті дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік реттеуді спортшыларды дайындауға деген заманауи талаптарды ескере отырып жақсартуға, мейлінше тиімді дене шынықтыру және спорт жүйесін қалыптастыруға бағытталған «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

 
9 шілде 2014, 08:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.