Атырау, 1 қазан 20:36
 ашықВ Атырау +11
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Қаржы полициясы Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арынға қатысты қылмыстық істің тергеуін аяқтады

1 275 просмотра

2014 жылғы 3 шілдеде Қаржы полициясы агенттігі Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арынға қатысты қылмыстық істің тергеуін аяқтады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Ол ақшалай қаражатты ұрлау және аса ірі көлемде пара алу мақсатында облыстық әкімият қызметкерлерінен ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оны басқарған деп айыпталуда.

Бүгінгі таңда айыпталушы мен оның қорғаушыларын қылмыстық іс материалдарымен таныстыру процедурасы жүзеге асырылуда.

Толық ақпарат қылмыстық іс материалдары сотқа жолданғаннан кейін берілетін болады.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

 
8 шілде 2014, 18:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.