Атырау, 21 маусым 12:13
 бұлттыВ Атырау +21
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65

Семей мейрамханасында 36 адамның улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

2 798 рет қаралды

Өскемен. 8 шілде. ҚазТАГ – Семейде «Дастан» мейрамханасында тамақтан жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы бас санитарлық дәрігерінің орынбасары Михайл Дерябин.

«Бүгінгі таңда энтороколит диагнозымен 36 адам ауруханаға түсті, бұл сан, мүмкін ақырғы емес те шығар. Жаппай улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тексеру жүріп жатыр», - деді М. Дерябин сейсенбіде.

Облыстың бас санитарлық дәрігерінің орынбасары атап өткендей, семейлік мейрамханада өтіп жатқан үйлену тойының ас мәзірінде пайдалану мерзімі шектеулі құрамы күрделі салат болған. Бұл ретте, басшының айтуынша, инфекция көзін анықтау мақсатында сынамалар алынып, жұқпалы аурулар зертханасында сараптамалар жүргізілуде, санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуы тексерілуде.

«Алғашқы тексерудің өзі бұзушылықтардың орын алғанын байқатты, біз республикалық тұтынушылар құқығын қорғау агенттігіне бас прокуратураға хабарласып, қоғамдық тамақтану орнын тексеруге рұқсат беру туралы өтініш жолдадық. Сонымен қатар, жедел әрекет етіп, облыстық прокуратураға, ішкі істер органына хабарластық», - деді басшы.

Бас санитарлық дәрігер орынбасарының айтуынша, бұл жыл басынан бері қоғамдық тамақтану орнында орын алып отырған бірінші жағдай, қазіргі таңда инфекцияны жою бойынша барлық шаралар қолға алынған, жедел шаралар жоспары құрылған.

Дереккөз: ҚазТАГ

8 шілде 2014, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.