Атырау, 1 қазан 18:30
 ашықВ Атырау +12
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Алматыда «қорғас ісі» бойынша апелляцияларды қарау басталды

3 182 просмотра

Алматы. 8 шілде. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Алматыда қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық әскери сотта «қорғас ісі» бойынша апелляцияларды қарау басталды.

«Апелляциялық инстанцияда Жақаев, Құрманәлиев, Артықбаев, Войтовичке (...) қатысты қылмыстық істі қарау ашық деп жарияланады. Отырыс ашық тәртіпте өтетін болады», - деді ҚР әскери соты апелляция коллегиясының төрағасы Айдын Нұрбеков сейсенбі күні сот отырысында.

Судья мен прокурорларға қорғаушылар қарсылық мәлімдемелерін бермеген.

Мұнымен бірге сотталушылардың қорғаушылары мен адвокаттары 50-ге жуық өтініш тапсырған, олардың көпшілігі дәйектердің заңсыз екенін көрсетуге қатысты.

А. Нұрбековтың айтуынша, өтініштер бейсенбі, 10 шілдеде қарастырылатын болады.

«Өтініштер бойынша тәртіп – біз бұған арғыгүні оралатын боламыз. Прокуратура, егер қаласа, басқа адвокаттар олармен танысуы үшін белгілі бір уақыт керек», - деп атап өтті ол.

Еске сала кетейік, 2011 жылы сәуірде ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) қызметкерлері Алматы облысының кедендік бекеттерінде арнайы іс-шаралар өткізді. Шаралар барысында «Қорғас», «Қолжат», «Алатау» ЦТО кеден бекеттеріндегі құжаттар мен мұрағат толықтай тәркіленді. Кейіннен қаржы полициясы аймақтық кеден бекеттерінде белсенді қызмет еткен 100-ден астам адамнан құралған ҰҚТ-ны әшекерелегенін хабарлады.

Іс бойынша 45 адам айыпталып отыр, соның ішінде 42-сі қамауға алынды, 3-еуі ешқайда кетпеу туралы қолхатпенжүрген.

Т. Қайырбаев, Б. Отарбаев, Т. Жақаев, И. Әбдірахманов, Б. Құрманәлиев пен Қ. Артықбаев ҰҚТ құру және басқаруға, экономикалық контрабандаға, қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражаттарды жекешелендіруге және т.б. айыпталған болатын.

2014 жылдың 12 сәуірінде Т. Қайырбаев пен Б. Отарбаев қатал тәртіптегі абақтыда жазасын өтеумен бірге мүлкін тәркілеумен қоса 16 және 13 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Одан өзге, сот ҚР ҰҚК экс-қызметкерлері Талғат Жақаев пен Ирлан Әбдірахмановты 17 жылға бас бостандығынан айырды, Ақмола облыстық ҰҚКД басшысының экс-орынбасары Бақытбек Құрманәлиевті – 16 жылға, Алматы облыстық кедендік бақылау департаментінің бұрынғы басшысы Құрманбек Артықбаевты – 14 жылға бас бостандығынан. «Қолжат» кедендік бекетінің басшысы Миңдулла Үмбетқалиев 9 жылға кесілді, «Алатау» кедендік қызмет көрсету орталығының басшысы Михаил Войтович – 8 жылға. Бұдан басқа, олар әскери атақтарынан және кедендік қызмет шендерінен айырылды, сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттік сыйлықтардан айыру туралы таныстыру енгізілді.

Сонымен қатар сот мерзімінде ешқайда шықпау туралы қолхатпенотырған «Қорғас» кедендік бекетінің басшысы Бақытжан Айдаров 5 жылға бас бостандығынан айырылып, сот залында күзетке алынды.

Дереккөз: ҚазТАГ

8 шілде 2014, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.