Атырау, 18 мамыр 13:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстанда бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды

2 346 просмотра
Мемлекет басшысының Жарлығымен министрліктер мен Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде (қаржы полициясы) бірқатар тұлғалар лауазымды қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды;

Асқар Ахметұлы Мусинов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды;

Әбдірашит Төлегенұлы Жүкенов Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Мемлекет Басшысының Жарлығымен Ержан Хозеұлы Қазыханов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Айбар Жиреншеұлы Боданов Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Онжанов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды.

Дереккөз: bnews.kz».

4 шілде 2014, 17:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.