Атырау, 16 маусым 18:44
 ашықВ Атырау +20
$ 511.92
€ 588.91
₽ 6.44

ТМРА басшысы сот санкциясымен қамауға алынды

2 085 рет қаралды
Сот Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспановты қамауға алуды санкциялады, деп хабарлайды Вnews.kz Қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«2014 жылғы 3 шілдеде Астана қаласының Алматы аудандық №2 соты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы М.Оспановты қамауға алуды санкциялады», - делінген хабарламада.

Оған табиғи монополиялар субъектісіне көмек көрсеткені және қамқорлық жасағаны үшін 300 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген айып тағылып отыр.

Оспанов уақытшы ұстау абақтысынан тергеу абақтысына ауыстырылды.

Дереккөз: bnews.kz

4 шілде 2014, 14:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.