Атырау, 25 қараша 13:45
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Артаевтың қатысуымен болған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

1 686 просмотра

Түнгi клубтардың бiрiнде қызды ұрды деген фактi бойынша Бақтияр Артаевқа қатысты қылмыстық iс қозғалды, деп хабарлайды Астана қаласы Iшкi iстер департаментiнiң баспасөз қызметiнен.

"Аталмыш фактiге орай Қылмыстық Кодекстiң 257 бабы 1 бөлiгi бойынша (бұзақылық) қылмыстық iс қозғалды", - делiнген хабарламада.

IIД хабарлауынша, бұл бап бойынша 200-ден 500-ге дейiн айлық есептiк көрсеткiш көлемiнде (370 мың 400 теңгеден 926 мың теңгеге дейiн) айыппұл, екi жылға дейiн бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы қарастырылған.

Еске сала кетейiк, 29 маусым күнi Астана қаласының IIД-iне азаматшаның арызы түскен болатын. Онда ол түнгi клубтардың бiрiнде оны Олимпиада чемпионы, боксшы Бақтияр Артаев ұрғаны жөнiнде хабарлаған.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

4 шілде 2014, 09:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.