Айталық, «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша жүргізілетін мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалауға қатысу үшін құжатты электрондық үкімет порталы арқылы тапсыруға болады. Сондай-ақ, заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдерінің құрылтайшылық құжаттарына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеуге, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқасын, спорттық атақтар мен санаттарды алу үшін құжат тапсыруға, спорттың түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу туралы куәлікті алуға болады.
Бұдан басқа, Ауыл шаруашылығы, Көлік және коммуникациялар, Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрліктерінің қызметтерін автоматтандыру, оларды электрондық үкімет порталы арқылы ұсыну жоспарланған.
Еске сала кетейік, 2013 жылы электрондық үкімет арқылы 38 млн., 2014 жылдың басынан бері 22,8 млн. қызмет көрсетілген. Күн сайын электрондық үкімет порталына орта есеппен 43 мың пайдаланушы кіреді.
Дереккөз: ҚазАқпарат