Атырау, 25 қараша 13:40
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысы Оспанов пара алды деген күдікпен ұсталды

1 937 просмотра

Қаржы полициясы Табиғи монопллияларды реттеу агенттігінің төрағасы Оспановты ұстады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

"2014 жылғы 1 шілдеде Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы М.Оспановты ұстады. Оған табиғи монополиялар субъектісіне көмек және қамқорлық жасағаны үшін 200 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдік тағылуда", - делінген хабарламада.

Оспановқа қатысты аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде.

Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

Дерккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

 
2 шілде 2014, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.