Атырау, 14 қараша 03:11
 дождьВ Атырау +7.9
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41

Назарбаевқа Қазақстан Республикасының құрметті металлургі атағының №1 белгісі табыс етілді

2 486 рет қаралды
Бүгін Қазақстан Республикасының құрметті металлургі атағының №1 белгісі Нұрсұлтан Назарбаевқа табыс етілді. Бұл марапатты Елбасыға Республикалық  тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец тапсырды.

Қазақстан Республикасының құрметті металлургі атағының №1 белгісі Нұрсұлтан Назарбаевқа  елдің Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша Үкіметтің есебімен танысуы барысында берілді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

2 шілде 2014, 14:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.