
«Жалпы салмағы 20 тонна тартатын шабдалы Новосібір базарларының біріне Қазақстаннан автокөлікпен әкелінген», - делінген хабарламада.
Карантиндік фитосанитарлық бақылау жүргізу барысында Ресей ауыл шаруашылығын қадағалау органы Новосібір облысы бойынша басқармасының қызметкерлері келіп түскен жеміс-жейдек партиясында фитосанитарлық қауіпсіздікті растайтын сертификат жоқ екенін анықтайды.
Карантиндік заңнама талаптарына сәйкес мұндай өнімдерді тасымалдауға тыйым салынады. Шабдалының барлық партиясы Қазақстан Республикасына кері қайтарылды.
Дереккөз: bnews.kz
2 шілде 2014, 11:05