Атырау, 25 қараша 13:49
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Диетологтар ораза айында қазы-қартадан бас тартып, талқан жеуге кеңес береді

12 383 просмотра
Алматылық диетологтар ауыз бекіткен жамағатқа сүрленген қазы, жал-жаядан бас тартып, талқан тұтынуға кеңес береді. Олардың айтуынша тары, арпа, күріш, жүгеріден жасалған ұлттық тағам өте құнарлы әрі шөлді басатын қасиеті де бар. Сондықтан болар, талқан түйіп, оны сататын әжелеріміздің рамазан айында саудасы қызып-ақ тұр, деп жазады 7-арна тілшісі.

Тағамтану саласының мамандары қасиетті рамазан айында қуырылған, тұздалған, қақталған және майлы еттен жасалған асты ішіп-жеуді шектеуге шақырады. Ыстықта бұл тағамдар шөлдетеді әрі тер арқылы кісінің ағзасы тұздар мен құнарлы заттарды жоғалтады. Сондықтан аптап ыстықта ауыз бекіткендерге кәдімгі талқанға үйір болуға үгіттейді.

«Талқанды мүмкіндігінше айранмен қарып, сүтпен, маймен қоймалжың етіп жейтін болса, ұзақ аштықты жеңуге күш береді», - дейді Ұлттық тағамтану орталығының департамент жетекшісі Айгүл Нағашыбекқызы.

Өткен ғасырдың 80-жылдары Кеңес Одағының диетологтары да қазақтың талқанын зерттеген. Оның құрамынан кальций, мырыш,темір, калий сияқты құнарлы дәрумендер анықталады. Тағы бірнеше дертке шипасы да бар. Мамандар «ораза айында талқан жесеңіз тарықпайсыз» деп сендіреді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

2 шілде 2014, 10:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.