Атырау, 25 қараша 13:24
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстан 2014 жылы 10 мың тоннаға жуық сиыр етін экспорттауды көздеп отыр

2 442 просмотра

Жыл аяғына дейін экспортқа 10 мың тонна жоғары сапалы ірі қара мал еті жөнелтіледі, деп мәлім етті Үкімет отырысынан кейін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.

Ірі қара мал етінің экспортын арттыру жобасы 2011 жылы Елбасының тапсырмасына сәйкес жасалғанын, ол 2012 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқанын еске салып өткен министр, «Қазіргі уақытта 450 мыңнан астам аналық бас бұл жобамен қамтылды. Әр облыстарда осы жұмыс жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар барлық облыстарда бірдей атқарылып жатыр деп айтуға негіз жоқ. Кейбір өңірлерде бұл көрсеткіш өте жақсы деңгейде. Мысалы, Батыс Қазақстан мен Ақмола облыстарында бұл көрсеткіш барлық аналық мал басына шаққанда 35 пайыз және одан артық деңгейден келіп отыр»,-деді.

Оның сөзіне қарағанда, кейбір облыстарда бұл көрсеткіш төмен. 

«Бүгінде ет экспорты жүзеге асырылуда. Қазіргі кездегі 1 мың 350 тонна экспортқа жөнелтілді. Жылдың соңына дейін 9 700 тонна экспортқа жіберіледі деп жоспарлап отырмыз. Бұл тұрғыда тиісті облыстармен арнайы меморандумдарға қол қойдық»,-деді Мамытбеков.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

1 шілде 2014, 14:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.