1 шілдеден бастап «Қазақтелеком» АҚ-ның «MegalineHitOptima» тарифтік жоспары бойынша Интернеттің жылдамдығы екі есеге артады. «Қазақтелеком» АҚ-ның жоспарына сәйкес 2014 жылы Интернет желісіне қосылу қызметтеріне тарифті төмендету және көрсетілетін қызметтердің техникалық сипаттамасын жақсарту бойынша бірқатар іс-шаралар көзделген, деп хабарлайды "Қазақтелекомның" баспасөз қызметі.
ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі «MegalineHitOptima» тарифтік жоспарын пайдаланушылар үшін ішкі ресурстарға қосылу жылдамдығы 2 Мбит/с-тан 4 Мбит/с-ке дейін артатынын және бұл үшін абоненттік төлемнің көлемі өзгеріссіз қалатынын мәлімдеді.
«Ішкі ресрустарға қосылу жылдамдығын арттыруға арналған іс-шаралар Интернет желісіндегі қазақстандық сегментті дамытуды ынталандыруға бағытталған. «MegalineHitOptima» тарифтік жоспары бойынша жылдамдықты арттыру ішкі ресурстан алынатын трафиктің жоғары көлемін қамтамасыз етеді »,-деп мәлімдеді ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің Байланыс саласындағы тарифтерді реттеу басқармасының бастығы Руслан Аймаханов.
2014 жылға арналған іс-шаралар жоспарында, содай-ақ «MegalineStart» тарифтік жоспары бойынша, 2014 жылдың күз мезгілінде абоненттік төлемақы көлемін өзгертпей, кіріс трафигінің шекті көлемін ұлғайту және жылдамдығын арттыру көзделіп отыр. Заңды тұлғалар үшін лимитсіз тарифтік жоспарлардың жаңа параметрлері де енгізілетін болады.
2014 жылдың 4-тоқсанында байланыс операторлары үшін интернет желісіне қосылу қызметінің бағасын 10%, сондай-ақ Қазақтелеком» АҚ-ның тіркелген байланыс желісіне өзге байланыс операторларының «қосылу қызметінің бағасын 5% арзандату көзделуде.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.