Атырау, 25 қараша 13:41
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресей Қазақстанмен ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шартты ратификациялады

1 891 просмотра
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин бүгін, 30 маусымда Мемлекеттік дума 2014 жылғы 20 маусымда қабылдап, Федерация Кеңесі 2014 жылғы 25 маусымда мақұлдаған «Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шартты ратификациялау туралы» Федеральдық заңға қол қойды. Бұл туралы Ресей Федерациясының баспасөз  қызметі және ақпарат басқармасы хабарлады.

Федеральдық заңмен Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы 2013 жылғы 11 қарашада Екатеринбор қаласында қол қойылған шарт ратификацияланды.

Шартта Ресей мен Қазақстанның келісілген сыртқы саясат жүргізуі, бейбітшілікті нығайту ісіндегі өзара іс қимылы, еуразиялық кеңістікте және бүкіл әлемде тұрақтылық пен қауіпсіздікті арттыру, соның ішінде екі мемлекеттің лаңкестікпен, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың әртүрлі формаларымен, сыбайлас жемқорлықпен, есірткі құралдарының, қарулардың заңсыз айналымымен және мәдени құндылықтарды заңсыз әкету  және контрабандамен, жасырын көші-қонмен күрестегі, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы ынтымақтастықтығын тереңдету көзделген.

Сонымен бірге, Шарт сауда-экономикалық, инвестициялық және ғылыми-техникалық салалардағы өзара тиімді ықпалдастықты кеңейтуге,  сондай-ақ денсаулық сақтау, әлеуметтік және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Дереккөз:  ҚазАқпарат

1 шілде 2014, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.