Оқиға 30 маусым күні сағат 12:30 шамасында Жуалы ауданының территориясында Шақпан стансасынан 25 шақырым жерде орын алған. Құрамында 61 вагоны болған № 3405 жүк пойызы Жамбылдан Түлкібасқа бағыт алған. Құрамның бас жағындағы 5-9 вагондар рельстен шығып кетіп, төртеуі аударылған. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға салдарынан теміржол төсеміне залал келген.
Оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. "Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ Жамбылдық жол бөлімі бастығының жетекшілігімен апат салдарын жою бойынша шұғыл әрекет етуші штаб құрылды. Сағат 20:00-де пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта ведомстволық комиссия апат себептерін анықтап жатыр.
Дереккөз: tengrinews.kz