Атырау, 25 қараша 13:52
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бостонда Азамат Тәжаяқовқа қатысты істе алқа билерді іріктеу басталды

2 181 просмотра
Бостонда Қазақстанның 20 жасар азаматы Азамат Тәжаяқовқа қатысты істе қосалқы алқа билерді іріктеу басталды, деп хабарлайды Би-Би-Си.

Ол 2013 жылдың сәуірінде Бостонда орын алған террорлық актіні тергеуге кедергі келтірді деп айыпталуда. Айыбы дәлелденсе, Тәжаяқов 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Істі тыңдаушы федералды судья Дуглас Вудлок негізгі құрамның 12 алқа биін іріктеп, оған 6 қосалқы алқа биді қоспақшы. Екі жақ сотта 7 шілде күні кездесіп, ол іс екі-үш апта қаралады.

Бірінші күні сотқа алқа билікке үміткер 225 адам шақырылды. Олардың бәрі соттың ұзын-сонар сауалнамасын толтырды. Бүгін тағы жүздеген кандидат келеді. Жалпы 600 адамның кандидатурасы қаралады.

Еске сала кетейік, кеше АҚШ-та Бостондағы лаңкестік бойынша қазақстандық студентке қатысты сот басталған болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

1 шілде 2014, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.