Атырау, 25 қараша 13:45
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Назарбаев жыл сайын ағаш отырғызу арқылы елді жасыл желекке айналдыруға шақырды

8 038 просмотра

Мемлекет басшысы Астана қаласының «жасыл белдеуін» дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады ҚР президентінің баспасөз қызметінен.

Хабарда айтылғандай, кеңеске Президент Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин, Қоршаған орта және су ресурстары министрі Н.Қаппаров, Астана қаласының әкімі И.Тасмағамбетов, Ақмола облысының әкімі С.Кулагин, сондай-ақ қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Е.Нысанбаев қатысты.

Кеңес барысында елорданың айналасында жасыл аймақ қалыптастыру жұмыстарының қазіргі ахуалы мен бұдан арғы перспективасы талқыланды.

Мемлекет басшысы 1997 жылдан 2013 жылға дейін отырғызылған ағаш көшеттерінің жалпы ауданы 70 мың гектарды құрағанын, соның шамамен 15 мыңы қала аумағында, қалған 55 мыңы қала сыртында екенін атап өтті.

«Астана-Щучинск автожолының бойында 3,6 мың гектардан астам аумаққа ағаш егілді. Мен бір кездері алынып, әлі күнге дейін пайдаланылмай жатқан жерлердің бәрін сол аумақтарда ағаш егу үшін қайтарып алуға тапсырма бердім. Біздің міндетіміз – қаланың өзінде және оған жапсарлас аумақтарда жасыл желек қалыптастыру және оны сақтау. Ресурс болған жағдайда, Астананың айналасындағы жасыл аймақты Бурабай бағытындағы орманмен қосуға болады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президентіне «жасыл аймақ» тұжырымдамасын дамыту перспективалары туралы баяндалды, оның бірінші кезеңі аясында 2020 жылға дейін жасыл желек аумағын 100 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда. Екінші кезеңде қазіргі ағаш көшеттері арасындағы бос жерлерге ағаш отырғызу арқылы Астананың жасыл аймағын тығыздандыру жұмыстары жүргізілетін болады.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевқа екпе орманның жалпы алаңын ұлғайту, «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық аясында демалыс аймағын құру, сондай-ақ Астана-Щучинск көлік жолы бойын, Вячеслав су қоймасы мен «Қарабидайық» қалдық су жинақтаушысының айналасын жасыл желекпен көмкеру жұмыстарының барысы туралы баяндалды.

Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Елбасы сонымен қатар қала маңындағы жасыл белбеуді аралап көрді. Ол барша қазақстандықтарды жыл сайын ағаш отырғызуды жақсы дәстүрге айналдыруға шақырды.

«Егер біздің азаматтарымыз өздерінің ауыл маңдарында, өз үйлерінің айналасына, барлық облыстық, қала орталықтарында жыл сайын ағаш қтырғызатын болса, біз жасыл ел құрамыз. Ол - қаланың өкпесі, таза ауасы, ол клмат, ол аяздан қорған. Мен мұны үлкен іс деп санаймын, жыл сайын орман қалай көркейіп келе жатқанын көріп отырмын.

Барша қазақстандықтарды жыл сайын ағаш отырғызуға шақырамын», - дп атап көрсетті мемлекет басшысы.

Сонымен қатар ол орман шаруашылығының алқабына 16 марал мен 2 крмарал және 150 қырғауыл жіберу рәсіміне қатысты.

Дереккөз: ҚазТАГ

30 маусым 2014, 17:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.