Қазақстан мен Индонезияның авиациялық биліктері екі ел арасындағы жаңа тұрақты рейстерді ашуға мүмкіндік беретін Өзара түсіністік жөніндегі меморандумаға қол қойды. Аталған құжат бойынша белгіленген әуе тасымалдаушылар әр тараптан аптасына 5 ретке дейін жиілікпен тұрақты рейстер орындай алады. Бұл туралы BNews.kz ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабрлайды.
«Оның ішінде, индонезиялық әуе тасымалдаушылар Астана мен Алматы қалаларына Индонезиядан барлық пунктерінен, ал қазақстандық әуе тасымалдаушылар – Джакарта мен Денсапар (Бали аралы) қалаларынан Қазақстанның кез келген өңірінен рейстер ашуға рұқсаты бар. Оның ішінде қазақстандық әуе тасымалдаушылар 2014-2015 жылғы күзгі-қысқы навигация мерзімінде Алматы – Денсапар бағыты бойынша рейс ашуға ниет білдіруде»,- делінген хабарламада.
Дереккөз: bnews.kz
30 маусым 2014, 10:56